ФЭНДОМ


Нилрем патша - Недро патшалығының патшасы. Ламус пен Ревилоның әкесі.

Балалық шағы Править

Нилремнің балалығы Недро мен Барье патшалықтары арасындағы соғыс кезеңіне тап болды. Ол кезде Недроның патшасы - Нилремнің әкесі Вергес болды. Көп жағдайда соғыс алаңында болған патша өзінің әке рөлін лайықты орындай алмады.

Оның тәрбиесімен анасы Герва айналысады. Анасының аусер тайпасынан шыққандығы(ырымға сенгіш) оның өмірлік қағидаларына үлкен әсер етеді.

Жастық шағы Править

Нилрем 23 жасқа келгенде оның інісі өмірге келеді. Оның есімі Адо. Қартайған шағында сүйген баласы да ағасы секілді әке қамқорлығын көрмейді. Сарай ішіндегі жансыздар оны аспен улайды.

Патша Нилрем Править

Осылайша 24 жасында Нилрем патша тәжін киеді және бірден көрші Барье, Маруб, Дасха патшалықтарымен дипломатиялық келісімдерге қол жеткізеді. Мұндағы басты мотив - өзінің інісі Адоны барынша қамқорлығына алу, оған әкесінен келуі керек жылы құшақпен бөліскісі келді. Оған, оның буынына тыныш ғұмыр сыйлау, оның тәрбиесіне екпін қоюға уақыт табу.

Алғашқы соғыс Править

Барынша келісімге келуге тырысса да көршілер тарапынан келген келіспеушіліктер соғысқа апарды. 27 жасында Нилрем алғаш рет қол бастап шабуыл жасайды.

Дасха патшалығының Рузе өзенін бітеп тастау әсерінен Недро халқы ресурстардан тиылған болатын. Нилрем бұл соғыста алғаш рет киелі Бес қарудың бірі Айбалтаны қолданады. Өзінің ерлігін және де құдіретті қарулардың қарқынын дәл осы оқиға барысында төрт патшалыққа түгел паш еткен болатын.

Соғыс барысында Нилремді Немиз атты жасақ басшысы өлімнен аман алып қалады. Осыдан кейін Немиз патшаның сенімді қолбасшысына айналады.

Соғыс әрекеттері салдарынан Дасха өзен сағасын ашып қана қоймай, тұрақты салық төлеп тұруға мәжбүр болады. Сонымен қатар, патшалықтағы билік әлсіреп, таққа талас орын ала бастайды. Осының әсерінен ұзақ жылдар онда Азамат соғысы орын алады.

Әйелі Править

Нилремнің өмірінде бір ғана бикеш болған. Ол - Санда. Бала күнінде анасының таңдауы бойынша осы қызбен танысады. Және өмір бойы онымен бірге болады. Десе де екеуі де бала сүюдің қатты мәнін көрмейді. Олар көбіне Адоның тәрбиесімен айналысу керек деп шешеді, Десе де екеуі 39 жасында алғаш рет осы жайында ойлай бастайды. Нәтижесінде өмірге екі ұл бала келеді.

Материалы сообщества доступны в соответствии с условиями лицензии CC-BY-SA , если не указано иное.