ФЭНДОМ


Ламус(711-) - Нилрем патшаның ұлы, Ревилоның сыңары, ағасы, Қанында патша тұқымы болғанымен патша өзінің түстеріне және Окулустың жөндеріне сүйеніп, оны шалғайда Немиздің қолына тәрбиеге берген болатын.

Дүниеге келуі Править

Ламус пен Ревило Недро патшалығының астанасы, Алак қаласына Маруб патшалығының әскері шабуыл жасаған күні(711 ж.) дүниеге келеді. Алғаш болып Ламус өмірге келеді. Одан кейін Ревило дүние есігін ашады. Десе де Нилрем патша өз түсіндегі патшалықтың қирауынан қорқып, оларды бөлуді қалайды.

Нәтижесінде Ламусты Немизбен бірге Урама ауылына жібереді. Және Нилрем патша ұлының қауіпсіздігі үшін онымен бірге Бес қарудың бірі - садақты оған береді.

Балалық шағы Править

Ламус өзінің патша тұқымынан екендігі жайлы ешқашан ойлаған емес. Немиз оған "сенің көкеңмін" деп алдап өсіреді. Десе де оның жақсы адам, жақсы сарбаз болып өсуіне жағдай жасайды. Оны бала күнінен соғыс өнеріне баулиды. Әсіресе, садақ атуды терең меңгертуге тырысады.

Бала күнінде Ламус көп ойынға құмар болмаған. Өзінен үлкен балалармен араласқанды жөн көретін. Солардың бірі - Диеспен жақсы достасады. Оның жалғыз қарындасы болатын. Өзінің мойнындағы жауапкершілікті сезінгеннен ол әрдайым жауынгерлік режимде жүрді. Қылышпен қатты әуестенді. Қарындасы Хаби үшін көп жерге дейін баратын.

Немиздің дайындықтарынан тыс Ламус Диеспен де бірге шұғылданатын(725 ж.). Бірақ, бұны белгілі жетістікке жету үшін емес, жәй ғана уақыт өткізу үшін жасайды. Бұған Диес қатты ашуланатын. Десе де, бір күні олардың әрекеттеріне себепкер болатын жағдай орын алады.

Жауынгерлік мансап Править

Урама ауылы өзінің көз тартар табиғатымен танымал болатын. Осыны пайдаланған Мада есімді шенеунік ешкімнің рұқсатынсыз ауылдағы ағаштарды шабуды әдетке айналдырады. Бұл 730 жылы болды. Халық қанша ашуланса да, "патша бұйрығымен орындалып жатыр" деген сылтаумен бұл ісін жалғастыра береді.

Шыдамы таусылған Диес түнгі уақытта олардың құрылғыларын қиратып кетуді бастайды. Бұны байқаған Ламус оған қосылғысы келеді. Алғашында Диес оның қабілеттеріне күмәнмен қарайды. Десе де, оның құлшынысына сеніп, оған бетперде жасап береді. Ламус қолына өзінің сүйікті қаруы садақты алып, жауынгерлік жолын бастайды.

Маданы өтірік сөзіне сеніп, патшаға деген өшпенділікпен олар, бір түнде бүкіл құрылғылардың тең жартысының тас-талқанын шығарады. Бұған қатты ашуланған Мада бір түні бір топ жасақпен оларды күтіп отырады. Нәтижесінде, бетперде киген Диес пен Ламус олардың көзіне түсіп қалады.

Ламус қатты жараланады. Диес болса Маданың оң қолымен жекпе жекке шығады. Бірақ Диес жеңіліске ұшырайды. Мада екі баскесердің ауылдағы адамдардың бұйрығымен осындай әрекетке барды деп ойлап, оларды тұтқында ұстайды. Дәл сол күні таң атысымен астанадан сақшы келіп, Маданың жасап жатқан іс-әрекетін құптамай, оны тұтқындап әкетеді.

Материалы сообщества доступны в соответствии с условиями лицензии CC-BY-SA , если не указано иное.