ФЭНДОМ


Адо(694 -) - Недро патшалығының патша тұқымы өкілі, тақтың заңды мұрагері. Вергестің екінші ұлы.

Балалық шағы Править

Ол өмірге келген кезде Төрт патшалық төңірегінде қысқа бейбіт заман орын алған. Адо дүниеге келген соң сол кездегі Недро патшасы Вергес сарайдағы жансыздардың кесірінен астан уланып қайтыс болады.

Кейін Адоның ағасы Нилрем ресми патша сайланғаннан кейін Нилрем Төрт патшалықта тегіс бейбітшілік орнатуға тырысады. Нәтижесінде үш жылдың ішінде(698 ж.) толыққанды бейбітшілікке қол жеткізеді. Осыдан кейін, Нилрем мен оның әйелі Санда Адоның тәрбиесімен айналысады. Оған патшалықтың құндылықтарын сіңіріп, болашақ патша, қолбасшы етіп тәрбиелегілері келеді.

711 ж. Адо Нилрем арқылы алғаш рет Бес қарумен танысады. Дәл осы кезде Недроға Маруб әскері алғаш рет Тасымалдағыш Текше арқылы шабуыл жасайды.

Дәл осы уақыт аралығында Нилремнің алғашқы ұлы Ревило дүниеге келеді. Тиісінше ол - Адоның інісі.

Жастық шағы Править

Адоның жауынгерлік тәрбиесімен Крит айналысқан. Ол Адодан тым жойқын жауынгер дайындауды көздейді. Қылышпен, қанжармен соғысудың көптеген әдістерін үйретеді. Криттен үйренген әдістерді ол інісі Ревилоға қолданады.

Материалы сообщества доступны в соответствии с условиями лицензии CC-BY-SA , если не указано иное.